2 күн бұрын

Бүгін «Барыс» сырт алаңда «Динамомен» кездеседі

Бүгін «Барыс» сырт алаңда «Динамомен» кездеседі

Астаналық «Барыс» бүгін Мәскеудің «Динамо» клубына қарсы Құрлықтық хоккей лигасы (КХЛ) аясында сырт алаңда матч өткізеді.

Қазіргі таңда мәскеулік команда Батыс конференциясында 48 ұпаймен төртінші орында тұрса, қазақстандық ұжым Шығыс конференциясында 32 ұпаймен сегізінші сатыда келеді. Биылғы маусымда командалар Астанада кездесіп, сол ойында «Барыс» 5:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, «Динамо» қазір жеті матчтан тұратын жеңіс сериясымен келеді. Ал елордалық хоккейшілер соңғы ойында қонақта Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын 4:1 есебімен жеңген еді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас