1 күн бұрын

«Сарыарқа» хоккей клубы жекеменшікке берілуі мүмкін

«Сарыарқа» хоккей клубы жекеменшікке берілуі мүмкін

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баспасөз мәслихатында айтты.

Әкімнің айтуынша, қазір дайындық жұмыстары басталған. Алдағы уақытта «Сарыарқа» хоккей клубын жекеменшікке беру жоспарланып отыр. Клубқа жаңа инвестор келеді, бірақ ол жуырда «Шахтер» футбол клубын сатып алған Тимур Турлов емес.

Айта кетейік, «Сарыарқа» хоккей клубының құрылтайшысы әрі жалғыз иесі – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Соңғы төрт жылда клуб мемлекеттік сатып алулар арқылы 7,66 млрд теңге алған. Атап айтқанда, 2022 жылы – 98,2 млн теңге, 2023 жылы – 1,09 млрд теңге, 2024 жылы – 1,16 млрд теңге, 2025 жылы – 1,2 млрд теңге.

Қазіргі таңда қарағандылық команда Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында келеді. «Сарыарқаның» еншісінде 32 матчтан кейін 50 ұпай бар. Көш басында елордалық «Номад» тұр.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас