1 күн бұрын
Хоккейден 2028 жылғы жастар арасында әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Халықаралық хоккей федерациясы 2028 жылғы жастар арасында әлем чемпионаты өтетін орынды жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жарыс Финляндияның Тампере және Турку қалаларында 2027 жылдың 26 желтоқсаны мен 2028 жылдың 5 қаңтары аралығында өткізіледі.
Айта кетсек, биыл әлемдік доданы Сент-Пол (Миннесота штаты, АҚШ) қаласы қабылдайды. Ойындар 2025 жылдың 26 қаңтары мен 2026 жылдың 5 қаңтары аралығында болады.
Жастар арасындағы қазіргі әлем чемпионы АҚШ құрамасы болып отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас