22 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 18 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Екі команда турнир кестесінде жоғары және төменгі бөлігінде орналасқан еді. Мәселен, «Барыс» 32 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Автомобилист» 48 ұпаймен 6-орында келеді. Сондықтан елордалық клуб үшін әрбір кездесудің маңызы артып тұр. Алдағы ойындарда жинақы қимылдап, ұпай қорын молайтуға күш салып келеді.

Кездесу барысында бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Олар жиі шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан қақпаны дәл көздей алмады. 

Екінші кезеңде ресейлік клуб алғашқы болып есеп ашты. Бұл голды «Динамо» хоккейшісі Макс Комтуа 27-минутта мергендік танытса, оған 30-минутта Ансар Шайхмедденов бір голмен жауап қайырды.

Үшінші кезеңде қазақстандық команда қатарынан үш шайба соғып кетті. Алдымен Семён Симонов 41-минутта қақпаны дәл көздесе, одан кейін Иэн Маккошен 42, Дінмұхамед Қайыржан 52-минутта басымдықты арттырды.

Ал 55-минутта «Динамо» сапынан Никита Гусев гол соқты.

Осылайша елордалық команда қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті. Бұл - «Барыстың» қатарынан екінші жеңісі. Олар бұдан бұрын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) клубын 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын 2026 жылы қаңтар айында сырт айдында өткізеді. Алдымен 6 қаңтарда Ресейде «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасса, одан кейін 8 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан), 10 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 12 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен кездеседі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас