4 күн бұрын

Бүгін Астанада «Барыс» пен «Нефтехимик» кездеседі

Бүгін Астанада «Барыс» пен «Нефтехимик» кездеседі

15 қаңтар бейсенбі күні Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен «Нефтехимик» командалары кездеседі.

Матчтың тікелей эфирі Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Ағымдағы маусымда «Нефтехимик» 45 ойында 47 ұпай жинаса, «Барыс» 46 матч өткізіп, 37 ұпайға ие болды. Соңғы кездесуде «Барыс» «Автомобилист» командасына қонақта 1:2 есебімен жеңіліп қалса, «Нефтехимик» «Ақ Барс» командасын 2:0 есебімен таңғалдырып жеңді.

Айта кетейік, КХЛ-де «Барыс» пен «Нефтехимик» биыл екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіске Нижнекамск клубы жеткен (3:2, 5:2).



Біздің серіктес: Бізге тіркел!