3 күн бұрын
Үш қазақстандық хоккейші ҰХЛ драфт рейтингіне енді
ҰХЛ Орталық скауттық бюросы аралық драфт рейтингін жариялады, оған бірден үш қазақстандық хоккейші кірді.
Еуропалық ойыншылар арасындағы халықаралық рейтингте «Барыс» шабуылшысы Семён Симонов 128 хоккейшіден 81-орынға ие болды.
Солтүстік Америкалық тізімде Квебек Жоғары жасөспірім лигасының (QMJHL) «Викториявилл Тайгерз» клубында ойнайтын форвард Корней Корнеев 174-орынға орналасты. Ал 175-орында Батыс хоккей лигасының (WHL) «Принс-Альберт Рейдерз» клубының шабуылшысы Алишер Саркенов тұр.
Айта кетейік, Корнеев пен Саркенов Қазақстан жастар құрамасы сапында IA дивизионында әлем чемпионатында өнер көрсеткен. Корнеев турнирдің ең нәтижелі ойыншысы атанып, 12 ұпай (6+6) жинаса, Саркенов снайперлер тізімінде үшінші орында 9 ұпай (3+6) жинаған.
ҰХЛ Орталық скауттық бюросының финалдық рейтингі 2026 жылдың сәуірінде жарияланатын болады, ал драфт өз кезегінде 26–27 маусым аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!