3 күн бұрын
Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден әлем чемпионатына аттанды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасында IIA дивизионында өтетін әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру үшін Стамбулға (Түркия) аттанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Отандастарымыз жоғары дивизионға жолдама алу үшін Корея, Латвия, Нидерланд, Жаңа Зеландия және Түркия құрамаларымен бақ сынайды.
Алғашқы матч 19 қаңтарда өтеді. Жерлестеріміз Жаңа Зеландия құрамасымен кездеседі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!