2 күн бұрын

Континенталды кубок ойындарында «Торпедо» екінші кездесуін өткізеді

Континенталды кубок ойындарында «Торпедо» екінші кездесуін өткізеді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) командасы шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарында екінші кездесуін Францияның «Анже Дакс» командасына қарсы өткізеді., деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл ойын Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.

Дүбірлі дода 14 қаңтар күні жалауын көтерді. Ойындар алдымен екі топта айналмалы жүйе бойынша жүргізіледі. Қазақстандық команданың қарсыластары қатарында «Анже Дакс» (Франция) және «Хернинг Блю Фокс» (Дания) командалары бар.

Қазақстандық клуб бұл турнирдегі алғашқы кездесуінде «Хернинг Блю Фоксынан» 6:2 есебімен басым түсті. 

Даниялық хоккейшілер бірінші турда «Анже Даксты» 4:1 есебімен қапы қалдырды. 

Қазір турнир кестесінде «Торпедо» бірінші орында тұрса, «Хернинг Блю Фокс» пен «Анже Дакс» одан кейінгі орындарды өзара бөлісіп тұр. 

Екінші топта «Ноттингем Пантерс» (Ұлыбритания), ГКС Катовице (Польша) және «Мого» (Латвия) клубтары шеберлік байқасып жатыр.

Әрбір топтың жеңімпазы финалдық кезеңде алтынға таласады. Екінші орын алған клубтар қола жүлдені сарапқа салады. Топтық кезеңде үшінші орынды місе тұтқан ұжымдар турнирдің бесінші орны үшін мұзайдынға шығады.

Халықаралық турнир 18 қаңтар күні мәресіне жетеді


Біздің серіктес: Бізге тіркел!