2 күн бұрын

Шайбалы хоккейден Астанада Eurasia Jastar Cup халықаралық турнирі өтеді

Шайбалы хоккейден Астанада Eurasia Jastar Cup халықаралық турнирі өтеді

2–5 ақпан аралығында Астанада Eurasia Jastar Cup халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Кубок үшін Ресейдің U16, Беларусьтің U18 және Қазақстанның U18 жасөспірімдер құрамалары тартысқа түседі. Сонымен қатар жарысқа Ресейдің қыздар құрамасы да қатысады. Командалар бұған дейін қараша айында Минск қаласында өткен Президенттік спорт клубы кубогі аясында кездескен болатын. Сондай-ақ Eurasia Jastar Cup аясында 3х3 форматындағы турнир де ұйымдастырылады.

Барлық матчтар «Барыс Аренаның» Б блогында өтеді, кіру тегін.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!