1 күн бұрын
«Барыс» 2026 жылдағы алғашқы сенсациялық жеңісті тіркеді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында мәскеулік ЦСКА-ны қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші кезеңде алаң иелері Тайс Томпсонның соққан шайбасының арқасында алға шықты. Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал барлығын шешкен соңғы жиырма минутта астаналықтар Майкл Веккьоненің күшімен айырманы ұлғайтты. Мәскеулік команда бір шайбамен жауап қатқанымен, көп ұзамай Веккьоне тағы да көзге түсіп, матчтың түпкілікті есебін белгіледі — 3:1.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)
Енді «Барыс» 20 қаңтарда қонақта тольяттилік «Ладамен» ойнайды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов