1 күн бұрын
«Барыс» клубының бапкері сенсациялық жеңіске бағасын берді
«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец ЦСКА-ға қарсы өткен, астаналықтардың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталған матчты қорытындылады, деп хабарлайды Sport12.kz
— Барлық жанкүйерлерді осы көптен күткен жеңіспен құттықтағым келеді. Қолдауларыңыз үшін рақмет. Осындай ауыр сынақтардан кейін команданың берілмей, күресті жалғастырғанына қуаныштымын. Олар бұл команданың бар екенін, құрамында лайықты хоккейшілер бар екенін дәлелдеуді тоқтатпады. Үш кезең бойы біздің тарапымыздан жақсы ойын болды. Өзара әрекет, еңбек, жанқиярлық, бірлік, қақпашының сенімді ойыны, әдемі голдар және пайдаланылған мүмкіндіктер. Мүмкін, біз көп сәт жасамаған шығармыз. Бірақ қарсыласқа да іс жүзінде ештеңе істеуге мүмкіндік бермедік. Ойынның соңғы бөлігі жігіттердің қаншалықты жеңіске жетуді қалағанын көрсетті: бәрі шайбаның жолына жатып қарсыластың гол соғуына жол бермеуге тырысты. Бұл бар болғаны бір ғана матч. Жеңіс жігіттерге одан да көп сенім мен жағымды эмоция береді деп ойлаймын.
Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте «Барыс» 39 ұпаймен Шығыс конференциясында 10-орында келеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов