9 сағат бұрын

«Торпедо» хоккей клубы Құрлықтық кубокта күміс жүлде алды

«Торпедо» хоккей клубы Құрлықтық кубокта күміс жүлде алды

Құрлықтық кубок аясындағы финалдық матчта Өскеменнің «Торпедо» клубы ағылшындық «Ноттингем Пантерзге» жол беріп, турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz

Кездесудің 59-минутына қарай «Торпедо» 0:3 есебімен жеңіліп жатқан еді. Алайда Станислав Боровиков пен Михаил Рахманов соққан шайбалар есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік берді.

Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңі барысында өскемендік команда даниялық «Хернинг Блю Фокс» клубын 6:2 есебімен жеңіп, француздық «Дюк д’Анжеге» овертаймда 2:3 есебімен есе жіберген еді.

Ноттингем Пантерз — Торпедо 4:2 (1:0, 2:0, 1:2)

Шайбалар:

1:0 — Спенсер (Волкан, Доэрти) — 17:49

2:0 — Лемос (Волкан, Хенбрант) — 34:25

3:0 — Зек — 35:34 (басым құрамда)

3:1 — Боровиков — 58:29

3:2 — Рахманов (Хорошев) — 59:04

4:2 — Гарат — 59:48 (бос қақпа)



Біздің серіктес: Бізге тіркел!