Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

02.02.2026

«Барыс» хоккей клубы плей-оффтан алыстай түсті

«Барыс» хоккей клубы плей-оффтан алыстай түсті

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының қонақтағы матчында Хабаровсктің «Амурымен» кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz

Алтыншы минутта Всеволод Логвин есеп ашқанымен, оныншы минутқа қарай алаң иелері алға шықты. Екінші кезеңде олар басымдықтарын нығайта түсті. Үшінші кезең ресейлік командаға түпкілікті жеңісті алып берді. Қорытынды есеп: 4:2. Осылайша қазақстандық клуб қатарынан алтыншы ойында жеңіліс тапты.

«Амур» (Хабаровск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:2 (2:1, 1:0, 1:1)

4 ақпанда «Барыс» қонақта Владивостоктың «Адмиралымен» кездеседі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»