Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

02.02.2026

Eurasia Jastar Cup: Қазақстан U18 құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

Eurasia Jastar Cup: Қазақстан U18 құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Халықаралық Eurasia Jastar Cup 2026 турнирінде Қазақстан U18 құрамасы алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды  Sport12.kz.

Отандастарымыз елордада өтіп жатқан турнирде бірінші ойында Беларусь U17 құрамасымен шеберлік байқасты. Олар бірінші кезеңде жалғыз шйба соқса, екінші кезеңде тағы екі мәрте көзге түсті. Үшінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. 

Қазақстан U18 – Беларусь U17 – 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)

1:0 – 16:57 – Тілеухан

2:0 – 29:28 – Челюк (Ануфриев, Гасников)

3:0 – 36:48 – Челюк (Коленко)

Қақпашылар: Мыльников - Забава.

Енді отандастарымыз 3 ақпанда Ресей қыздар құрамасымен ойнайды. 

Халықаралық турнир 5 ақпан күні мәресіне жетеді. 

Бұл турнир жасөспірімдер үшін әлем чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»