7 сағат бұрын

Жарақатынан айыққан АҚШ хоккейшісі «Барыстың» жеңісіне үлес қосты 

Жарақатынан айыққан АҚШ хоккейшісі «Барыстың» жеңісіне үлес қосты 

Фото? shaiba.kz

Майкл Веккьоне алған жарақатынан елордалық «Барыс» сапына қайта оралды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстандық команда бүгін сырт алаңда Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубын 4:1 есебімен тізе бүктірді. Кездесу барысында ол 52-минутта қарсыластар қақпасына гол соқты.

Елордалық команда биыл Майкл Веккьонемен біржақты келісімшартқа қол қойды. Келісім бір маусымға есептелген. Ол 2026 жылдың 31 мамырына дейін жарамды болады.

Шабуылшы өзінің бүкіл кәсіби мансабын Солтүстік Америкада өткізді. Соңғы төрт маусым бойы Веккьоне ҰХЛ-дың «Вашингтон Кэпиталз» клубының фарм-командасы «Херши Беарс» сапында ойын көрсетіп, екі мәрте Колдер Кубогын иеленді. 

Өткен маусымда Майк АХЛ-дың тұрақты чемпионатында 68 матч өткізіп, 39 (19+20) ұпай жинады. Плей-офф кезеңіндегі 8 ойында 3 шайба соғып, 1 нәтижелі пас берді.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!