4 сағат бұрын

Қазақстан U18 құрамасы елордадағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстан U18 құрамасы елордадағы турнирде жеңімпаз атанды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Қазақстан U18 құрамасы елордадағы Кубок Eurasia Jastar Cup Kazakhstan турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Үшінші ойында отандастарымыз Ресей U16 құрамасымен кездесті. Нәтижесінде олар қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Оған дейін қазақстандық хоккейшілер Беларусь U17 құрамасын 3:0, Ресей әйелдер құрамасын 9:4 есебімен тізе бүктірген еді.

Қазақстан U18 – Ресей U16 – 4:1 (2:1, 1:0, 1:0)   

1:0 - 06:40 – Бигаринов (Евплов, Тлеухан) 

1:1 - 07:53 – Андреев (Попов)

2:1 - 08:02 – Кравченко (Бигаринов, Тлеухан)

3:1 - 28:34 – Бигаринов (Тлеухан, Кравченко)

4:1 - 57:26 - Бигаринов (Решетько, Кравченко) 

Қақпашылар: Мыльников – Сучков

Осылайша отандастарымыз турнир барысында қатарынан үш мәрте жеңіске жетіп, бас жүлдеге ие болды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!