9 сағат бұрын
Қазақстан құрамасының штабына кірген бапкер Ресейдің атақты клубында қызмет алды
Бұрынғы «Адмирал» клубының бас бапкері Леонид Тамбиев СКА командасының бапкерлік штабына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz
Леонид Тамбиев 19 жасында Ленинградқа қоныс аударып, СКА жүйесінде екі маусым өнер көрсетті. Ол армиялықтардың негізгі және екінші құрамаларында ойнады. КСРО чемпионатының 1990/1991 жылғы маусымында 23 матч өткізіп, 13 (7+6) ұпай жинады. Сол маусымдағы өтпелі турнирде 25 ойында 16 (7+9) ұпайға қол жеткізді.
Латвия ұлттық құрамасы сапында 11 әлем чемпионатына және екі Олимпиада ойындарына қатысты. Құрама үшін өткізген 99 матчта барлығы 73 (35+38) ұпай еншіледі.
Бапкерлік қызметінде Тамбиев МХЛ, ВХЛ, КХЛ және Қазақстан чемпионатында жұмыс істеді. 2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында және 2013 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында Латвияның жасөспірімдер мен жастар құрамаларын басқарды. Сондай-ақ 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабында болды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов