3 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» елордада СКА командасына есе жіберді
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде ресейлік клуб екі, үшінші кезеңде үш гол соғып кетті
«Барыс» (Астана, Қазақстан) - СКА (Санкт-Петербург, Ресей) 0:5 (0:0, 0:2, 0:3)
0:1 - Короткий - 32:49
0:2 - Плотников (Голдобин, Филлипс) - 33:14
0:3 - Дишковский (Хайруллин, Савиков) - 44:56
0:4 - Голдобин (Уилсон, Плотников) - 47:15
0:5 - Хайруллин (Дишковский, Савиков) - 57:12
Қақпашылар: Шил - Плешков.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді.
Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 2026 жылдың 14 ақпанда Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубымен кездессе, 17 ақпанда «Металлург» (Магнитогорск), 20 ақпанда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), 22 ақпанда Ресейдің «Северстальв» (Череповец) командаларымен шеберлік байқасады
Біздің серіктес: Бізге тіркел!