7 сағат бұрын
Әлихан Әсетов ҚХЛ-да мерейтойлық матч өткізді
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық хоккейші Әлихан Әсетов елордалық «Барыс» сапында Құрлықтық хоккей лигасында 350 ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы бұл уақыт аралығында 26 мәрте мергендігімен көзге түссе, 34 мәрте нәтижелі пас шығарып берді. Сондай-ақ қарсылас қақпасына 141 соққы жұмсады.
Әлихан Әсетов 1996 жылы 26 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Ол хоккейді туған жері Өскеменде жергілікті «Торпедо» мектебінде бастады. 2012/2013 жылғы маусымда ол жасөспірімдер құрамасы сапында Ресей чемпионаты деңгейінде, Сібір-Қиыр Шығыс аймағында дебют жасады, сондай-ақ «Қазмырыш-Торпедо-2» ересектер командасында Қазақстан чемпионаты деңгейінде бір матч өткізіп, осылайша кәсіби деңгейде дебют жасайды.
2013 жылдан бастап Әлихан астаналық «Барыс» жүйесінде өнер көрсетіп келеді. 2018 жылдан бастап Әлихан Әсетов «Барыстың» негізгі ойыншысы атанды.
Алғаш рет 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында Латвияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны болды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»