Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Шанхай айдаһарлары» командасымен кездеседі

ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Шанхай айдаһарлары» командасымен кездеседі

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 20 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz 

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.

Кейінгі 5 кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Турнир кестесінде «Барыс» 45 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Шанхай айдаһарлары» 49 ұпаймен 18-орында келеді.

Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 құрамына енген командалар шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.

«Барыс» клубы бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 22 ақпанда Ресейдің «Северстальв» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»