Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Шанхай айдаһарларына» есе жіберді

ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Шанхай айдаһарларына» есе жіберді

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 20 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бірінші кезеңде командалар қазақстандық команда үш шайба соқса, оған қытайлық клуб бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде «Шанхай айдаһарлары» тағы екі гол енгізді. Нәтижесінде негізгі кезеңде 3:3 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда қытайлық клуб жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша «Барыс» қарсыласына овертаймда 3:4 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 құрамына енген командалар шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ. Биыл да олар плей-офф аймағынан тыс қалып отыр.

«Барыс» клубы бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 22 ақпанда Ресейдің «Северстальв» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»