7 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 22 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер бірінші кезеңде алғашқы болып есеп ашты. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде «Северсталь» басымдықты арттырса, одан кейін қазақстандық команда қатарынан екі шайба енгізді.
Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік клуб жеңіс шайбасын соғып кетті.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Северсталь» (Череповец, Ресей) 2:3 ОТ (0:1, 0:0, 2:1, 0:1)
0:1 - Аймурзин (Скоренов, Ильин) - 08:45
0:2 - Танков (Калдис, Чефанов) - 43:40
1:2 - Логвин (Әсетов) - 52:13
2:2 - Морелли (Симонов) - 52:34
2:3 - - 61:05
Қақпашылар: Шил - Самойлов
Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.
Елордалық клуб клубы енді алты ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 28 ақпанда Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасса, одан кейін 2 наурызда СКА (Санкт-Петербург), 7 наурызда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), 10 наурызда Реесйде «Амур» (Хабаровск), 12 және 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубтарымен кездеседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»