Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

24.02.2026

Қазақстандық жас хоккейшілер Канадада турнир жеңіп алды

Қазақстандық жас хоккейшілер Канадада турнир жеңіп алды

Қазақстанның Astana Team командасы Канададағы Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament 2026 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.

Команда топтық кезеңде барлық матчтарды жеңіп, плей-офф кезеңінде де үздік өнер көрсетті. Astana Team бірінші турде Quebec Nordiques командасын 3:1 есебімен жеңді, жартылай финалда Quebec Remparts командасынан 2:1 есебімен басым түсті. Финалда Noir d’Or des Montagnes командасына қарсы кездесуде қазақстандық жас хоккейшілер буллитпен 4:3 жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.

Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament әр жылы Канадада өтетін ең ірі жасөспірімдер хоккей турнирлерінің бірі болып саналады. Турнир төрт дивизион бойынша ұйымдастырылады: BB, AA, AA Elites және AAA.

Astana Team бұл турнирге екінші жыл қатарынан қатысып отыр. 2024 жылы команда Франциядағы іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, AA Elites дивизионына көтерілген болатын. Енді қазақстандық команда AAA дивизионына өту мүмкіндігіне ие.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»