25.02.2026
Бүгін «Барыс» жастары «Ирбиспен» кездеседі
25 ақпан күні Астанада «Барыс» жастары кезекті ойынын өткізеді. Елордалық команда ақпан айындағы үй сериясын Қазанның Ирбис клубына қарсы матчпен қорытындылайды.
Кездесу сағат 19:00-де МЛД «Барыс Арена» мұз сарайында басталады.
Матчтың тікелей трансляциясы ҚХЛ, KHL Prime және Inhockey платформаларында көрсетіледі. Кіру — тегін.
Айта кетейік, бұл ойын елордалық жас хоккейшілер үшін маңызды сынақ болмақ. Команда өз алаңында жанкүйерлер қолдауына сенім артады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»