Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 күн бұрын

Атырау командасы плей-оффта капитанысыз ойнайды

Атырау командасы плей-оффта капитанысыз ойнайды

Атыраудың «Бейбарыс» командасы Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде негізгі шабуылшысынан айырылды.

Команданың жетекшісі Алексей Клочков маусымның соңына дейін ойыннан тыс қалды. Форвард жарақат алып, команданың Усть-Каменогорскке сапармен баруына қатыса алмады. Еске салсақ, плей-оффтың бірінші матчында «Бейбарыс» «Торпедоға» 2:4 есебімен жол берді.

Регулярлық чемпионатта Алексей Клочков 42 матчқа қатысып, 18 гол соғып, тағы 18 нәтижелі пас берді.

Бүгін, 26 ақпан, Усть-Каменогорста плей-оффтың төрттен бір финалдық сериясының екінші матчында «Торпедо» мен «Бейбарыс» командалары кездеседі.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»