Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» сапында алдағы екі кездесуде кімдер ойнайды?

ҚХЛ: «Барыс» сапында алдағы екі кездесуде кімдер ойнайды?

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы екі ойынына хоккейшілер тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Михаил Кравецтің жетекшілігіндегі команда Мәскеу – Санкт-Петербург бағыты бойынша өтетін сырт алаңдағы турнеге төмендегі құраммен аттанады.

Қақпашылар: Никита Бояркин, Адам Шил, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Кирилл Никитин, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Майкл Веккьоне, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Тимур Миндубаев («Снежные Барсы» клубынан шақыртылды), Мэйсон Морелли, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Макс Уиллман.

Ансар Шайхмедденов жарақат алған ойыншылар тізімінде. Сондай-ақ медициналық себептерге байланысты Эмиль Галимов бұл сапарға қатыспайды.

Астана уақытымен «Барыс» матчтарының кестесі:

28 ақпан 19:00 «Спартак» - «Барыс»;

2 наурыз 21:30 СКА - «Барыс».



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»