3 күн бұрын
Бүгін «Барыс» сырт алаңда СКА-мен кездеседі
Дүйсенбі, 2 наурызда, Санкт-Петербургте Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында СКА мен «Барыс» кездеседі.
Матчтың тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 21:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Қазіргі таңда СКА 60 ойыннан кейін 69 ұпай жинаған. Ал «Барыс» 61 матч өткізіп, 47 ұпай еншілеген.
СКА соңғы кездесуінде өз алаңында «Локомотивтен» 2:5 есебімен жеңілді. Бұған дейін петербургтік клуб мәскеулік «Динамоға» 1:4 есебімен есе жіберген еді.
Ал «Барыс» соңғы матчында сырт алаңда «Спартакқа» 3:5 есебімен жол беріп, қатарынан төртінші жеңілісіне ұшырады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»