1 күн бұрын
Сарапшы «Барыстың» 0:7 есебімен ойсырай ұтылуын түсіндірді
Қазақстан хоккейінен бұрынғы мемлекеттік бапкер Сергей Шавернев Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында өткен СКА — Барыс (7:0) матчы туралы пікір білдірді.
Маманның айтуынша, астаналық клуб алғашқы минуттарда лайықты қарсылық көрсеткенімен, кейін ойын тізгінін толықтай қарсыласқа берген.
— Бұл — еріксіз жеңіліс. Алғашқы 7-10 минутта «Барыс» жаман көрінген жоқ, бірақ содан кейін мүлде тарқап кетті. СКА маусымды сәтсіз бастағанымен, қазір команда айтарлықтай күшейді. Құрамында мықты шеберлер бар. Ал біздің жігіттер өз деңгейін көрсете алмады. Соның салдары — осындай есеп, — деді Шавернев.
Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын 7 наурыз күні сырт алаңда қытайлық Шанхай Дрэгонс клубына қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»