6 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» плей-офф сатысынан тыс қалды
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық команда төртінші жыл қатарынан плей-офф сатысынан тыс қалып отыр. бұл жағдай Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасының Қытайдың «Шанхай Дрэгонс» клубын 2:1 есебімен жеңгенінен кейін белгілі болды.
ҚХЛ-ның өткен маусымында «Барыс» Шығыс конференциясында 35 ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы орынды місе тұтты. Ал 2023/2024 жылғы маусымда 50 ұпаймен көш соңында қалды.
Қазақстандық команда соңғы рет 2021/2022 жылғы маусымда 1/4 финалда Ресейдің «Металлург» клубына жалпы серияда 1:4 есебімен есе жіберді.
Биыл «Барыс» 47 ұпаймен 19-орында келеді. Енді олар алда алты ойын өткізеді. Алдағы кездесу 7 наурызда сырт айдында Қытайдың «Шанхай Дрэгонс» командасына болады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»