Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

12 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» сапында алдағы үш ойынға кімдер қатысады?

ҚХЛ: «Барыс» сапында алдағы үш ойынға кімдер қатысады?

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Елордалық «Барыс» алдағы үш ойынға қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық команда 7 наурызда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), 10 наурызда Реесйде «Амур» (Хабаровск), 12 және 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубтарымен шеберлік байқасады.

Қақпашылар: Никита Бояркин, Адам Шил, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Кирилл Никитин, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Майкл Веккьоне, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Тимур Миндубаев, Мэйсон Морелли, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Макс Уиллман.

 Жарақат алған ойыншылар қатарында Аңсар Шайхмедденов пен Эмиль Галимов бар.

Қазақстандық команда төртінші жыл қатарынан плей-офф сатысынан тыс қалып отыр. Бұл жағдай Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасының Қытайдың «Шанхай Дрэгонс» клубын 2:1 есебімен жеңгенінен кейін белгілі болды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»