3 сағат бұрын
Никита Бояркин ҚХЛ-де «Барыс» сапында 100 ойын өткізді
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Кеше Шанхайда өткен ойын ҚХЛ-дегі Никита Бояркин үшін 100-матч болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасының қақпашысы осы кездесулердің барлығын «Барыс» клубының сапында өткізді.
Осы уақыт ішінде ол 22 жеңіске жетіп, 9 буллит сериясына қатысып, жалпы алғанда 5300 минуттан астам уақыт мұз айдынында ойнады. Сондай-ақ оның еншісінде 5 «құрғақ» матч бар.
Орта есеппен Бояркин бір ойында 2,66 шайба жіберіп алады, ал қақпаға бағытталған соққылардың 91,1%-ын қайтарады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»