5 сағат бұрын
«Барыстың» басты мәселелесі айтылды
Ресейлік хоккей сарапшысы және комментатор Леонид Вайсфельд астаналық «Барыстың» соңғы маусымдардағы қиындықтарын атады. Ол клубтың төртінші рет қатарынан плей-оффқа шыға алмауының себебін сапалы менеджменттің жоқтығында деп санайды.
«Барыстың» басқа командаларға қарағанда артықшылықтары бар, мысалы легионерлерге шектеу жоқ. Бірақ басты проблема – командаға хоккейді жақсы түсінетін генеральды менеджердің болмауы, – дейді Вайсфельд.
Сарапшының айтуынша, дұрыс басқарушы болмаса, ойыншылар мен бапкерлердің үнемі ауысуы, команда құрылымының тұрақсыздығы «Барыстың» жетістігін тежейді. Мысалы, Нұрлан Оразбаев шақырылып, үш жылға келісімшарт жасасқанымен, үш айдан кейін қызметтен босатылған.
Вайсфельд:
«Кім командамен айналысатынын нақты анықтамайынша, нәтижеге жету мүмкін емес», – деп түйіндеді.
«Барыстың» негізгі мәселесі – тұрақты және тәжірибелі генеральды менеджердің болмауы.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»