4 сағат бұрын
Қазақстандық хоккейші Америкада үздік ойыншы атанды
Фото: shaiba.kz
«Американдық хоккей академиясының» қазақстандық хоккейшісі Бексұлтан Әкімбаев аптаның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Маусымның соңғы аптасындағы үш матчта ол жеті шайбаны соғып, екі нәтижелі пас берді. Биылғы маусымда ол 79 кездесуде барлығы 82 (35+47) ұпай жинады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»