2 сағат бұрын
Хоккейден Қазақстан чемпионаты жартылай финалына кімдер шықты?
Фото: «Сарыарқа» хоккей клубы
Хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф финалының 1/4 сериясы аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші жартылай финалист 4:0 есебімен серияны жеңіп, атыраулық «Бейбарыс» сенімді өткен өскемендік «Торпедо» болды. Сондай-ақ, қарағандылық «Сарыарқа» ширек финал кезеңін ойдағыдай еңсеріп, Рудныйдағы «Горняктан» 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл кезеңнің басты сенсациясы Петропавлдың «Құлагері» болды. Команда еліміздің қазіргі чемпионы Көкшетаудың «Арланын» жарыс жолынан шығарып, серияны 4:1 есебімен жеңді.
Ширек финалдағы ең тартысты бәсеке астаналық «Номад» пен «Алматы» арасында өтті. Жартылай финалға жолдаманың тағдыры жетінші матчта шешілді. Онда елордалық клуб үлкен жеңіске жетіп, серияны 4:3 есебімен жеңіп алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»