3 сағат бұрын
Дінмұхамед Қайыржан Құрлықтық хоккей лигасында 200 ойын өткізді
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Елордалық «Барыс» хоккейшісі Дінмұхамед Қайыржан үшін «Адмиралға» қарсы кездесу Құрлықтық хоккей лигасындағы 200-ші матч болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы осы ойындардың барлығын «Барыс» жейдесінде өткізді. Оның еншісінде 16 шайба, 21 нәтижелі пас, 107 тосқауыл қойылған соққы және 155 күштік әдіс бар. Мұз айдынындағы орташа уақыты – 11 жарым минут.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»