13.03.2026
ҚХЛ: «Барыстың» қос хоккейшісі мерейтойлық ойындарын өткізді
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Адмиралға» қарсы екінші матч «Барыс» командасының бірден екі ойыншысы үшін мерейтойлық кездесу болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әділ Бекетаев ҚХЛ-дағы 250-ші ойынын өткізді. Қазақстан құрамасының қорғаушысы осы кездесулердің барлығында «Барыс» клубының намысын қорғады. Оның еншісінде 13 гол, 45 нәтижелі пас, 238 күштік әдіс және орташа есеппен мұз айдынында 18 минут ойнай отырып жасаған 355 блокталған соққы бар.
Кирилл Панюков Лигадағы 400-ші матчын өткізді. «Барыстан» бөлек (243 ойын) ол «Ак Барс», «Авангард» және «Амур» клубтарында. Ұлттық құраманың шабуылшысының статистикасында 96 (55+41) ұпай, 130 блокталған соққы, 324 күштік әдіс тіркелген. Оның орташа ойын уақыты 11 жарым минут.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»