5 күн бұрын
«Барыс» бүгін маусымдағы соңғы үй ойынын өткізеді
16 наурыз күні Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен Владивостоктың «Адмирал» клубы арасында матч өтеді.
Кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.
Қазір тұрақты чемпионаттың аяқталуына екі ойын қалғанда «Барыс» Шығыс конференциясында 53 ұпаймен оныншы орында тұр. Ал «Адмирал» 48 ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы, он бірінші сатысында орналасқан.
Айта кетейік, командалар 12 және 13 наурыз күндері Владивостокта кездескен. Алғашқы матчта «Барыс» 2:1 есебімен жеңіске жетсе, келесі ойында «Адмирал» 6:2 есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»