3 күн бұрын
Қазақстандық хоккейшілер плей-оффта қарсыласын анықтады
Магнитогорскінің «Металлург» командасы, құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Никита Михайлис пен Валерий Орехов бар, Гагарин кубогының плей-офф кезеңінің бірінші турында Новосібірдің «Сібір» командасымен кездеседі.
Шығыс конференциясында плей-оффқа қатысатын алғашқы жұп анықталды. Тұрақты чемпионат жеңімпазы «Металлург» бірінші айналымда сегізінші орын алған «Сібірге» қарсы ойнайды.
Еске салсақ, егер «Металлург» келесі раундтарға өтсе, құрамдағы Қазақстан ойыншылары Никита Михайлис пен Валерий Орехов Польшадағы әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»