9 сағат бұрын
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастайды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы B дивизионындағы әлем чемпионатына дайындығын бастайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.
Отандастарымыз Алматыда ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Олимпиадалық даярлау орталығы базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Жиынға барлық үміткерлер шақырылды. Олардың ішінде әйелдер мен жасөспірімдер құрамаларының ойыншылары бар.
Оқу-жаттығу жиыны 22 наурызда басталады. Құрама 2 сәуірде Испанияға аттанып, дайындықты одан әрі жалғастырады.
Әлем чемпионаты 12-18 сәуір аралығында өтеді. Олардың қарсыластары - Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания құрамалары.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»