Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Біз мықты болып ораламыз» - «Барыс» жанкүйерлерге алғыс айтты

«Біз мықты болып ораламыз» - «Барыс» жанкүйерлерге алғыс айтты

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Елордалық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы 2025-2026 жылғы маусымына аяқтауына байланысты жанкүйерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

- Біз үшін ҚХЛ-ның 2025/2026 жылғы маусымы аяқталды. Бұл біз үшін күрделі, қажырлы еңбекке және нағыз эмоцияға толы кезең болды. Осы жол бойы бізбен бірге трибунада қолдау көрсеткен және экран алдында тақым қысқан әрбір жанға алғыс айтамыз. Сіздер әрбір ауысымда, әрбір соғылған шайбада, әрбір жеңіс пен жеңілісте бізбен бірге болдыңыздар. Сенім білдіріп, уайымдап және командамен бірге болғандарыңыз үшін рахмет. Біз алға қарай қадам жасадық. Бұл тек бастамасы ғана. Біз бұдан да мықты болып ораламыз, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі төрт жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.

Биыл ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 47 ұпаймен 18-орынға тұрақтады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»