Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

«Барыс» ҚХЛ маусымында рекорд орнатты

«Барыс» ҚХЛ маусымында рекорд орнатты

2025/26 жылғы Құрлықтық хоккей лигасы маусымында астаналық «Барыс» клубы өз тарихындағы және қазақстандық хоккейдегі ең жоғары орташа көрермен көрсеткішіне қол жеткізді.

Маусым барысында «Барыс» матчтарына орта есеппен 7447 жанкүйер келген. Бұл — клуб тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Өткен маусыммен салыстырғанда көрермен санының өсімі бойынша (2561 адам) «Барыс» ҚХЛ-дың үздік үш клубының қатарына кірді. Бұл көрсеткіште тек «Куньлунь Ред Стар» (5311) мен «Автомобилист» (3486) алда тұр.

Жалпы лига бойынша да жаңа рекорд тіркелді: орташа келушілер саны 7853 көрерменді құрады. Ал 2025/26 маусымындағы 748 матчты жалпы саны 5 874 018 жанкүйер тамашалаған.

Айта кетейік, тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша «Барыс» Шығыс конференциясында 68 матчта 54 ұпай жинап, оныншы орынға тұрақтады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»