3 сағат бұрын
«Сарыарқа» финалға шығуға жақын тұр
Фото: «Сарыарқа» хоккей клубы
Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф жартылай финалы аясында серияның төртінші матчында қарағандылық «Сарыарқа» өскемендік «Торпедоны» сенімді түрде жеңді.
Қарағандылық команданың шабуылшысы Александр Борисевич өткен ойында хет-трик жасады.
«Сарыарқа» (Қарағанды) - «Торпедо» (Өскемен) 4:1 (0:0, 4:1, 0:0)
1:0. Борисевич (Барбашев, Сиксна) - 22:57
2:0. Қарабан (Борисевич, Сиксна) - 28: 10 ГБ
3:0. Борисевич (Қарабан, Кузьменко) - 31: 59 ГБ
4:0.Борисевич (Қарабан, Сиксна) - 33: 41 ГБ
4:1. Панченко (Гренц, Боровиков) - 39: 09 ГБ
Қақпашылар: Кадочников-Пестов (Янков, 31:59 - 60:00)
Сериядағы есеп: Торпедо - Сарыарқа 1:3 (6:2, 2:3 2:3, 1:4)
Командалар 27 наурызда Өскеменде матч өткізеді. Қажет болған жағдайда алтыншы матч Қарағандыда 30 наурызда ойналады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»