2 сағат бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысады
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті.
Отандастарымыз Испанияның Пучсерда қаласында өтетін IB дивизионындағы әлем чемпионатына дайындалуда.
Оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі 1 сәуірде аяқталады. Одан кейін ұлттық құрама Испанияға аттанады.
Кеңейтілген тізімге келесі хоккейшілер енгізілді:
Қақпашылар: Вероника Агеева, София Агеева, Полина Говтва, Мария Яковлева (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана).
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы – «Томирис», Астана), Зере Жұмаш, Эвелина Емцева (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Ева Иншакова, Катрин Мескини, Кира Крухольская, Ульяна Куклина, Айдана Рахатқызы, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо»), Калима Нигматулина («Грация», Қарағанды).
Шабуылшылар: Алина Жакулина, Рената Лившиц (екеуі де – «Грация», Қарағанды), София Зубкова, Варвара Краюшникова, Полина Мокина, Злата Попова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Регина Какаулина, София Муравьева, Анфиса Новикова, Мадианна Нүсіпова, Василиса Шуклина (барлығы – «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – «Томирис», Астана), Лариса Свиридова («Айсұлу», Алматы).
Сонымен қатар «Айсұлу» хоккей клубының ойыншылары Аида Олжабаева, Пернеш Әшімова, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова, Елизавета Дюндина және Малика Алдабергенова әйелдер арасындағы Еуропа лигасы - EWHL плей-офф кезеңіне қатысып жатыр. Олар ұлттық құраманың Испаниядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 12-18 сәуір аралығында өтеді. Біздің хоккейшілер Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания құрамаларымен кездеседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»