7 сағат бұрын
Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастады
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
2 сәуірде «Барыс Аренада» хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрама 18-24 сәуір аралығында Польшаның Криница қаласында өтетін IA дивизионындағы әлем чемпионатына дайындалуда. Олар топ-дивизионғаберілетін жалғыз жолдамаға таласады.
Бірінші оқу-жаттығу жиынына барлығы 46 хоккейші шақырылды. Олардың 26-ы Польшаға аттанады. Нақты тізімге 23 хоккейші, 20 ойыншы және үш қақпашы кіреді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімі:
Қақпашылар: Айнарбек Есен (МХК «Астана»), Давид Зиновьев, («Торпедо», Өскемен), Никита Кулаков, (Atlantic Coast Academy U18), Кирилл Мыльников, Арсений Кучковский (екеуі - «Барыс»), Рахымбек Рахымжан («Jersey Hitmen U18», AAA);
Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы («Барыс», Астана), Ильхан Болатов, Арман Төлен, Спартак Чукреев («Atlantic Coast Academy U18»), Артём Гасников («Торпедо», Өскемен), Святослав Евплов («Спартак-МАХ», Ресей, МХЛ, ), Назар Елемесов («Florida Alliance U16», AAA), Ардәулет Ержанұлы, Кирилл Задорожный, Дэнир Утеев, Вадим Фирса (барлығы - «Барыс» U18, Астана), Матвей Решетько, Расул Турсынов (екеуі - «Снежные Барсы», МХЛ), Кирилл Серебряков («Team Illinois U18», AAA), Владимир Ткачев («Жас Батыр», Атырау), Дархан Хафаров («Connecticut Jr. Rangers» U16, AAA);
Шабуылшылар: Әділжан Әміржанов, Рауан Қайыржан («Барыс» U18, Астана), Владислав Ануфриев, Данил Челюк («Торпедо», Өскемен), Әнуар Ахметжанов, Ерлан Ахмутинов, Нарұлан Байкен, Сонмин Цой («Atlantic Coast Academy U18»), Инсаржан Бахытұлы, Никита Гридасов («Boston Hockey Academy U18», AAA), Батухан Бекішев («South Kent School U18»), Таир Бигаринов («Барыс», Астана), Илья Громов, Егор Ким («Omaha Lancers», USHL), Ілияс Дәулетбек, Жандос Нұрбеков, Адам Стариненко («Кармет», Теміртау), Матвей Желтоножко, Дінислам Төлеген (Академия «Авангард», Омбы), Богдан Залевский («Арлан», Көкшетау), Михаил Коленко («Ладья», Тольятти, МХЛ), Егор Кравченко, Жахангер Тілеухан («Снежные Барсы», МХЛ, Астана), Рафаэль Рамазанов («Saskatoon Blazers U18», AAA).
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»