Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Барыс» клубы келесі маусымға бапкерін анықтады

«Барыс» клубы келесі маусымға бапкерін анықтады

«Барыс» клубы команданың бас бапкері Михаил Кравецпен келісім-шартын ұзартқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

Мамандармен жасалған келісім-шарт 2027 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

«Михаил Григорьевичтің жетекшілігімен “Барыс” тұрақты чемпионатта Шығыс конференциясында 10-орын алып, соңғы үш маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Сондай-ақ көптеген қазақстандық хоккейшілер өз ойындары мен нәтижелілігінде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді», — делінген клубтың телеграм-арнасындағы хабарламада.

62 жастағы маман «Барысты» 2025 жылы тізгіндеген. Бұған дейін ҚХЛ-де Кравец «Витязь», «Амур», «Авангард» және «Куньлунь Ред Стар» командаларында бас бапкер қызметін атқарған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан