07.07.2024
Бүгін Лига кубогы турнирінде төрт ойын өткізіледі

Бүгін футболдан еліміздің Лига кубогы турнирінде төрт ойын өткізіледі, деп хабарлайды sport12.kz.
А тобында «Ақжайық» пен «Тараз», «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы) кездеседі.
Сондай-ақ D тобында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» мен «Каспий» (Ақтау) сынға түседі.
Айта кетсек, 6 шілдеде В тобында «Тобыл» (Қостанай) өз алаңында «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) клубына 0:1 есебімен жол берді.
Ал 6 шілдеде С тобында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей) 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Бұл топтағы «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» кездесуінде атыраулық клуб 2:0 есебімен басым түсті.
