2 күн бұрын

Елордалық «Барыс» Екатеринбургте жеңіске жете ала ма?

Елордалық «Барыс» Екатеринбургте жеңіске жете ала ма?

«Барыс» хоккей командасы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу бүгін, 17 қыркүйекте сағат 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 61 мәрте кездескен. Оның 37-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Дэвид Немировски бастаған команда Екатеринбург – Қазан – Балашиха бағытындағы жаңа маусымның алғашқы сырт айдындағы матчтар сериясына келесідей құраммен аттанды.

Қақпашылар:Никита Бояркин, Юхан Маттссон, Владимир Никитин.

Қорғаушылар:Виктор Антипин, Әділ Бекетаев, Уилл Бутчер, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Никита Камалов, Артём Королёв.

Шабуылшылар:Әлихан Әсетов, Антон Бурдасов, Чейс ДеЛео, Дамир Жафяров, Владислав Кодола, Дінмұхамед Қайыржан, Майкл Маклауд, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Коннор Смит, Роман Старченко, Аңсар Шайхмедденов, Уэйд Эллисон.

«Барыстың» жарақат алған ойыншылары тізімінде Батырлан Мұратов пен Натан Больё қала беріп отыр. Сондай-ақ, медициналық себептерге байланысты Даниил Апальков сырт айдындағы матчтарға қатыса алмайды. Всеволод Логвин мен Олег Бойко алдағы уақытта «Номад» сапында өнер көрсетеді.


Дәулет Тұрлыханов елімізде спорт саласында қандай кемшіліктер бар екенін айтты

Футбол 2 сағат бұрын

Дәулет Тұрлыханов елімізде спорт саласында қандай кемшіліктер бар екенін айтты

Қазақстан және Ливия ойынынан көріністер

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстан және Ливия ойынынан көріністер

2025 жылдан бастап барлық командада әйелдер футболына маңыз беріледі

Футбол 3 сағат бұрын

2025 жылдан бастап барлық командада әйелдер футболына маңыз беріледі

Бейбарыс Оразов «Барыс» сапында тұсаукесер ойынын өткізді

Хоккей 3 сағат бұрын

Бейбарыс Оразов «Барыс» сапында тұсаукесер ойынын өткізді

Футзалдан Қазақстанның қарсыластары қалай ойнады?

Футзал 3 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстанның қарсыластары қалай ойнады?

Қайрат Сәтжанов: Боксшылармен жиын өткізіп, жаңа капитан сайладық

Бокс 3 сағат бұрын

Қайрат Сәтжанов: Боксшылармен жиын өткізіп, жаңа капитан сайладық