16 сағат бұрын

Бейбарыс Оразов «Барыс» сапында тұсаукесер ойынын өткізді

Бейбарыс Оразов «Барыс» сапында тұсаукесер ойынын өткізді

Бейбарыс Оразов кеше ғана «Снежные Барсы» сапында «Тюменский Легионға» қарсы сырт алаңда ойнап, бүгін «Барыс» құрамында КХЛ-да дебют жасады. Мұз айдынында сегіз минутқа жуық ойнаған 19 жастағы қорғаушы «Автомобилистке» қарсы жеңісті ойынға пікір білдірді.

- Керемет ойын болды. Әрине, басында толқу болды, бірақ бәрі бізді қолдады. Ең бастысы, жеңіске жеттік. Менің айыпқа кеткенімде аздап уайымдадым, бірақ жылдам бейімделіп, ойынға қайта оралдым. Ойын барысында маған қалай әрекет ету керек екенін айтып отырды.

- «Снежные Барсы» МХЛ-де маусымды жаман бастамады. Негізгі командадан шақырту күткен бе едің?

- Жоқ, шақырту күтпедім, тек өз хоккейімді ойнап, командаға пайда әкелуге тырыстым. Кеше Тюменьдегі ойыннан кейін бірден бізге Екатеринбургке келуіміз керек екенін айтты. Түнде келдік, аздап тынығып, түскі ас ішіп, матчқа шықтық. «Барыс» бапкерлер құрамына сенім артқаны және осындай деңгейде ойнауға мүмкіндік бергені үшін ризамын.

- «Автомобилистке» қарсы ойында қандай сәт шешуші болды деп ойлайсың?

- Қарсылас қақпаға қауіп төндіргенде барлық жігіттер төзімділік танытты. Сонымен қатар, Никита Бояркин бірнеше қауіпті соққыны қайтарды, ал біздің ойыншылар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.

«Жетісу» клубына арналған заманауи орталық ашылды

Басқа 2 сағат бұрын

«Жетісу» клубына арналған заманауи орталық ашылды

FIFA жаңартылған рейтингін жариялады

Футбол 2 сағат бұрын

FIFA жаңартылған рейтингін жариялады

Жахангир Рашит: «Әлем чемпионатында гол салғаныма қуаныштымын»

Футбол 2 сағат бұрын

Жахангир Рашит: «Әлем чемпионатында гол салғаныма қуаныштымын»

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына қатысады

Күрес 3 сағат бұрын

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына қатысады

ҚХЛ: «Барыс» бүгінгі «Ак Барспен» ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

Хоккей 3 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгінгі «Ак Барспен» ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекке Астана қаласынан үй берілді

Көшпенділер ойыны 2024 3 сағат бұрын

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекке Астана қаласынан үй берілді