21.09.2024
Бүгін «Барыс» Ресейде «Витязь» командасымен ойнайды
Сурет «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 21 қыркүйекте сағат 21:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 34 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.