13.01.2025
Қысқы Универсиада: шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Жапониядан ойсырай жеңілді
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
2025 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы ойынын Жапонияға қарсы өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 0:10 есебімен жеңіліп қалды.
Енді олар алдағы ойынын 14 қаңтарда 20:30-да Чехияға қарсы өткізсе, одан кейін 16 қаңтарда дәл сол уақытта АҚШ-пен шеберлік байқасады.
Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түседі. Қарсыластары — Жапония, АҚШ және Чехия.
Дүниежүзілік дода 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өткізіледі.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қысқы Универсиадада Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны 9:2 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»